Атбегі Болат Назарбаевқа сәйгүлігін сыйламағаны үшін түрмеге қамалған

Қордайлық Есбол Жапбасов Болат Назарбаевқа сәйгүлігін сайламағаннан кейін қамалған


31/03/2022
11:23 36011 0

«Қордай ауылының тұрғыны Есбол Жапбасов бәйгеден бірнеше мәрте жүлде алған сәйгүлігін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа сыйға тартпағаны үшін түрмеде отыр»,  дейді Жапбасовтың туысы Әділхан Шынтасов. Оның сөзінше, Жапбасовтың «Самал» атты сәйгүлігі республикалық жарыстардың бірінде бәйгеден бірінші келген. Сол уақытта Талғар ауданының әкімі болған Жолан Омаров Есбол Жапбасовқа сәйгүлікті «Болат Назарбаевқа сыйға тартпайсың ба?» деген ұсыныс жасаған. Атбегі бұл ұсыныстан бас тартқан. Осыдан кейін Жапбасов қамауға алынған. 

 

—Оның (Есбол Жапбасовтың – ред) қаңтар оқиғасына дейін ойына не келсе соны істеп келгендердің қара ниетті қызғаныштарының құрбаны болғанын бәрі біледі. Республикаға танымал атбегі берген бәйгеден біздің туысымыздың аты сәйгүлігі бірінші келді. Ол жылқының аты – Самал. Бұдан басқа сол күні тағы бір аты бірінші келді. Екі бірдей автокөлік ұтып алды. Мәреде сол уақытта Талғар ауданының әкімі болған Жолан Омаров пен отбасы мүшесі (Болат Назарбаев – ред) тұрды. Олар Есболды құттықтап, әкім оған «атыңды мына кісіге сыйлағың келмей ме?» деп сұраған... Ол бұл ұсыныстан бас тартып, кетіп қалған,  дейді Шынтасов.

 

Әділхан Шынтасов осы оқиғадан кейін Жолан Омаров Есбол Жапбасовқа «атты бермесең, өзіңнен көр, қиындықтар болады» деп ескерткен. 

 

—Бәйге аяқталғаннан кейін, Есбол Жапбасов қайтайын деп жатқанда оған отбасы мүшесінің атынан бір адам келіп, Жолан Омаровтың әкесінің үйіне барып сөйлесуді ұсынған. Бірақ ол одан бас тартып, кетіп қалған. Кейіннен Жолан Омаров келіп, оған «атты бермесең, өзіңнен көр, қиындықтар болады» деп ескерткен. Қордай үлкен ауыл емес, барлығы не болып жатқанын біледі. ҰҚК қызметкерлері келген, тұрғындардан, жергілікті асханадан, дүкеннен Есбол жөнінде сұрай бастады. Біз оған қарсы бір дүниелердің басталып жатқанын білдік, дейді Шынтасов. 

 

Шынтасовтың сөзінше, бұл оқиғаға дейін Жапбасов қарамағындағы әйелге үш мың доллар қарыз берген. Ол әйелге ақша ұсақ бұзақылық үшін қамауда отырған ұлын бостандыққа шығаруға қажет болған. Бірақ құқық қорғаушылар әйелге егер Жапбасовқа қарсы куә болмасаң, пара беру айыбы бойынша іс қозғайтындарын айтып қорқытқан. Ол келісуге мәжбүр болған. 

 

—Біз туысымызға қарсы айдап салу жүріп жатқанын білдік. Көп ұзамай ол жоқ болып кетті. Екі апта таба алмадық. Осыдан кейін ҰҚК қызметкері хабарласып, оның конспирологиялық пәтерде екенін, көп ұзамай босатылатынын айтты. Босататын күні оның әлі салынып бітпеген үйінің екінші қабатына автомат, автокөлігіне тапанша тастап кетті. Автокөлік 18 күннен бері ҰҚК қарамағында болған. Одан кейін пресс-хатада оған өмірді қойып, теледидардан көрмеген депутаттың үстінен куәлік бергізген. Біздің туысымыз жазықсыз қамауда отыр. Желдің қайдан есетінін барлығы біледі. Бірақ бәрі үнсіз, — дейді Шынтасов. 

 

Әділхан Шынтасов бастапқыда отбасы мүшесі деп атын атамай келген адамның есімін кейіннен журналистерге Болат Назарбаев екендігін айтты. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

31/03/2022 11:23
36011 0

Уведомление